«Менің пірім - Сүйінбай»



Дүбірлі додаға еліміздің жоғары оқу орнынан 50-ден аса жас ақындар қатысып, бақ сынасады. Республикалық айтыстың ашылу салтанаты аясында университетіміздің түлегі, айтыскер ақын «Оразалы Досбосынов» атындағы жас ақындар орталығының тұсаукесері өтеді.
Райымбек ауданы Тегістік ауылында туылған. Орта мектепті бітіріп өзіміздің
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетіміздің филология факультетіне
оқуға түседі. Жол апатына ұшыраған Оразалы Досбосынов ақынымыз 2004 жылдың
30 қазанында келмеске кетті. Айрықша талантымен ерте көзге түсіп, республикалық
айтыстарға қатысып, айтыссүйер қоғамның жоғары бағасына ие болды. Университетіміздің
мәдени саласында жұмыс жасап бірқатар шәкірттерін тәрбиеледі. Ешқандай ресми атақсыз,
Оразалы Досбосынов халық ақынына айналып басқа елдерде өткен біраз додаларда
қазақтың атын шығарды.
© 2026 CAMPUS 1928.
Запрещено копировать и использовать в какой-либо форме материалы сайта без согласия собственника.
Статистика сайта:
Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов. Редакция не несет ответственности за информацию, содержащуюся в рекламных материалах на сайте журнала Campus 1928.