мақсатқа жетудің үш қағидасы



            

    

                                

 
«Егер кеме қай портқа барарын білмесе, оны ешбір жел қуалап соқпайды» - деп Сенека айтпақшы. 


 Адам баласының ең әуелі алға қойған бағыт  - бағдары, мақсаттары болуы керек. Өзеннің ағысымен тек өлі балық қана жүзетінін ескерсек, өмір өткелдеріне төтеп беріп, қиындықпен күресе білу тек жеңіскер адамға ғана тән сипат. Енді, жеңіскер адам қандай болуы керек ? 

Оның арман мақсаты биіктеген сайын соғурлым рухани әлемі толыса түседі. Адам жаны  ізгіленген сайын тек ізгілікке қарай бағдаралатыны мәлім емес пе? Біз көп жағдайда арманға бастар жолды тек бір дүниеден ғана іздейміз. Бұл біздің ең үлкен қателігіміз болар еді. Адамды тек жан-жақтылық ғана дамыта алады. Осыны естен шығармаған жөн. Енді, мақсат емес ең ұлы мақсатқа тоқталайықшы. Айырмашылығы жер мен көктей дер едім. Бірінші мақсат дегеніміз не? Мақсат — адам баласының өзіндік жолын табу барасындағы арманы мен іс әрекетін тоғыстыра отырып, алға қойған өз мүддесіне жету. 

Ал, ұлы мақсат дегеніміз - ақиқатты толықтай тану, ақиқатты толықтай тани алғаныңа дәлел боларлықтай ізгі іс амалдарды орындау. Біз қай мақсат иелеріміз. Ойланайық…
Енді, мақсатқа жетудің үш қағидасы туралы айта өтсек.

 

Жүйелі арман;
 
Тынымсыз еңбек;
 
Дұрыс бағдар;

 
Жүйелі армандай білу дегеніміз не? Бұл адам баласының көкейіндегі жарық жұлдызы деп айтсақ қателеспейміз. Дұрыс әрі жүйелі арман адам баласын тек бақытқа кенелтеді. Ал,дұрыс армандамау арманның орындалмауына себепші болады. Осылайша  бақытсыздықта онымен ілесе келеді. Арманымыз жайында ойланғанда шабыттана аларлықтай болсақ, сонда ғана арманымыздың жүйелі болғандығы.
 
Тынымсыз еңбек. Мақсатына жеткен адамдардың тұлғасында болатын ең бір қажетті қағида. «Адам баласы еңбексіз өлікке айналады» - деп Бернард Шоу айтпақшы шындығында үздіксіз еңбек қана бізді табыскер ете алады. Адамдар көп жағдайда арманыма жете алмадым деп күйініп, өзінің сәтсіз өміріне налып жатады. Қателік неде? Әрине, мақсатыңа сай әрекет жасай алмағаныңда. Әрекет түбі берекет.
 
Дұрыс бағдар. Бұл адамның қараңқыда жол сілтер жарық шамы секілді. Жақсы арманың бар, тынымсыз еңбектеніп келе жатырсың. Бірақ, бағдарың дұрыс па? Сол бағдар сені шындығында бақытқа кенелте ала ма? Дәл осы сауалдардың жауабы  көкейіңде анықталып туры шарт. Бағдар - бұл дұрыс жолда кетіп бара жатқаныңды айқындап тұратын белгің.
 

Ендеше ,«Кімде кім бақытсыздыққа шыдаса, сол бақытты» деп - Ағзам Суфи Лұқпан айтпақшы өмірдің ашысы мен тұщысына төтеп беріп тек ізгі ғұмыр сүруге асығайық.



Баян Дуйсенкожа 






© 2023 CAMPUS 1928.
Запрещено копировать и использовать в какой-либо форме материалы сайта без согласия собственника.

Главный редакторРедакцияАрхив номеровО насПартнеры
СпецпроектыинтервьюСТАТЬИСЦЕНАРИЙ

Статистика сайта:

Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов. Редакция не несет ответственности за информацию, содержащуюся в рекламных материалах на сайте журнала Campus 1928.