СЕССИЯ АЛДЫНДАҒЫ ӘЗІЛ
Ректор- шет елден келген тағдырымызды шешетін адам
Декан- жердегі құдай
Студент- мәдениетті қайыршы
Сессия- жанталас, мазасыз маусым, арпалыс кезең
Шпор- жедел-жәрдем
Емтихан- бақтың, бастың сыналар кезі, степендия үшін күрес
Дүйсенбі- азапты күн
Жексенбі- ұлы күн

Макарон- студенттің ұлттық тағамы
Жатақана- мәдениетті қайыршылардың ордасы
Комната- төрт қабырғалы кең сарай
Парта- анда-санда жастық болатын жабдық
Курстық жұмыс - жекпе-жек
Кафедра- боранды бекет
Аудитория- өмір мектебі
Семинар- бұғумен өткен өмір
Бақылау жұмысы –100 теңгең болғанша, 100 досың болсын
Отработка- кездескен деген осы
Соңғы парта - жұмақтың төрі
Степендия- ұзаққа бармайтын қуаныш, аспаннан шұға жауған күн