ЖЫЛ КҮТТІРГЕН ГРАНТ!




                           


25-мамыр, 2018 жыл!  Мен дəл осы күні кеудеме "Жас түлек, 2018!" деген лента тағып, жүрегім толқып, достарым мен мектебімді, ұстаздарым мен ата-анамды қимай амалсыз қоштасып, үлкен өмірге аяқ басқан күнім еді. Алға қойған мақсатым айқын, алдымда келе жатқан ҰБТ-ға дайындығыма сенімді болған едім. Əйтеуір, көп сағындырмай, алып-ұшып ҰБТ-да келді. 


Бір шетінен қорқып, бір шетінен 11 жыл оқыған біліміме сеніп кірдім. Маңдайыма жазылған"94" деген балды алдым. Өте қатты жыладым. Өз бағама көңілім толмағаннан емес, оқымаған, басында білімі менен қарағанда төмендердің жоғары бал алғандығына қатты қынжылдым. Кейіннен түсіндім, бұл-шайқас. Ал, шайқаста кез-келген тактиканы қолдану дұрыс. Солай, əзер дегенде өз-өзімді алдап, жұбатқансып қойдым. 


11-қыркүйек, 2018 жыл. Қазақстанда енді ғана дамып келе жатқан ағылшын тілді жəне "Монтессори" ілімін үйрететін балабақшаға педагогтің ассистенті болып жұмысқа кірдім. Еш өкінбеймін. Өте көп нəрсе үйрендім. Өзіме біраз жаңалықтар аштым,тəжірибе жинадым. Осы жұмысты ұсынған құрбыма да ризамын. Отбасыма қаржылай көмектесе алдым. Қысқасы, 8 ай істеген уақытым зая кетпеді. Ол жұмыстан шыққаннан соң, 2 айдың көлемінде тестке дайындалу мақсатында мектеп бағдарламасын бір қайталап үлгердім. Дайындығым керемет болды деп айта  алмас едім.


31-маусым, 2019 жыл. Екінші мəрте өзімді дəлелдеу үшін, ҰБТ-ны қайта тапсырдым. Нәтижесінде, "90" балл алып, бір құлаған жерімнен екінші рет тұра алмайтындай боп тағы құладым. Сенесіз бе, 3 күн түнде ылғи жылаппын. Сол кездегі сезімімді айтып жеткізе алмаймын. Анамның бетіне қарай алмаймын. Қателеспесем, 1 аптаның көлемінде кішкене есімді жиып, былтырғы əрекетке көштік. Яғни, ақылы бөлім. Құжаттарымызды ақылы бөлімге ауыстыруға келсек, бізге нұсқаушылар көп балалы отбасынан болғандықтан, жаңалықтарға сəйкес "əкімшілік грантқа" тапсырып көруді ұсынды. Үмітсіз шайтан,тапсырдық. Алайда, бұрынғыдай қарқын да, үміт те жоқ еді. Бірақ, білесіз бе,мен түстім! 




Қысқасы достар, ешқашан кері шегінбеңіздер! Алға қойған мақсатыңыз үшін соңына дейін күресіңіз. Ата-анаңыздың үмітін ақтап, қуантыңыз. Мен мақсатыма жеткеніме, еліміздегі бірден-бір алдыңғы университеттердің бірі Абай атындағы ҚазҰПУ-да оқитынымды мақтан етемін!


Арман қуып, қолыма құжаттарымды жинап үлкен шаһар Алматыға келдім. Анамды жетектей, құжаттарымды құшақтай университет қабылдау бөлімінің табалдырығын аттадым. Алайда, жауабы сəтсіз. Мемлекеттік грант иегері атана алмадым. Көңілім түсіп, ақылы бөлімге тапсыруға əрекет жасай бастадық. Жағдайымызға, қалтамыздағы қаражатымызға қарап университет ақылы бөліміне тапсырып, төлем жасап қойған едік. Мен негізінен тумысымнан өте намысшылмын. 


          



Сол күні "Жақсы оқып тұрып, мектепте үлгілі, белсенді оқушы бола тұра неге ата-анамның қалтасына түсемін",- деп ойландым. Бұл ойға келуімнің тағы бір себебі, қабылдау бөлімінде бір қыздың "Келесі жылы қайтадан тапсырып, қайта оқуға тапсырамын" деген сөзі еді. Анама мен декелесі жылы тапсырып, оқимын деген ойымды білдірдім. Біраз келіспеді, əрине. Ақыр соңында, айтқанымнан қайтпай көндірдім.


Грант алдым! Ата-анама ауыртпалық салмадым!  Қуанышымды айта алмаймын. Көп үміттенбей бірден туған ауылыма кетіп қалғандықтан телефоннан бөлем хабарласып айтқанда сенбей 2-3 рет қайталап сұрай бердім. Ішімдегі бүкіл тұншығып қалған сезімдерім оянғандай болды. Жан-жағыма қарамадым да, айқайлап тұрып жыладым. 

Ең бастысынне екендігін білесіз бе?! 

Мен ата-анамды қуанта алдым. 

Қуаныштан толқып жылағанын көрдім.

 Себебі, мен қиналған сайын олар да екі есе қатты қиналды ғой. 

Сөйтіп, қыздарының мықты екендігін дəлелдедім.




                                                                                                                                                                              Айзада  Болат   
  


© 2023 CAMPUS 1928.
Запрещено копировать и использовать в какой-либо форме материалы сайта без согласия собственника.

Главный редакторРедакцияАрхив номеровО насПартнеры
СпецпроектыинтервьюСТАТЬИСЦЕНАРИЙ

Статистика сайта:

Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов. Редакция не несет ответственности за информацию, содержащуюся в рекламных материалах на сайте журнала Campus 1928.