ЖҰРТТЫҢ ҚЫЗЫ






Жұрттың қызы
 

Сәулелі сезімдерімді сыртқа шығарудан, жасқанып тұншықтырудан шаршадым. Бұл затқа не адам атаулыға деген сезімдер емес, ой жазуға деген ғашықтық. Ішке бүккен ой тарамдары тамырымен жайылып жүрекке жеткенде жүрегім «Ішіңдегіні айт, қолыңа қалам алда шабыт қанатын қайта самғат» дейді. Ал ақылым: «Қыз баласының құпиялы болғаны жөн-ау. Өз ойларыңды сирек сырт қашығар. Сенің ойың-ертеңгі әрекетің. Ал әрекет-тағдырың. Өз жасағалы жатқан ой мен позицияңды жалпақ жұртқа жұмсақ жеткізу оңай дүние емес» дейді. Осы сөздің соңында қалам қозғауға қарсы негатив ойлар қарша борап кете барады. Екі оттың ортасында шырмалған қызғалдақтай шығарға шара таппаған жан жеңісті кімге берерін білмей қиынға түсті. Жазбамның жиілігінен жүрегімнен шығып жатқанын сезген боларсың. Жеңіс туы күн сәулесіне шағылысып көтеріліп барады.
 
 Әңгіменің төркіні жүректің қалауына қарсы шығатын үлкен дүлей күште. Бұл қарсылас-жұрт пікірі. Өмірің өз қолыңда, дегенмен, қолға алатын жігер мен қайратың бекем болса көптің көңілін емес ,өз дамуыңды жұрт көзқарасына бағынбай алға жетелеуіңе болады. Жетістікке жетуші әрбір жанның алдынан шығар кедергілер өте көп. Өміріңнің өзгергенін қалайсың ба? ендеше өзіңнен  баста! Жан қалауымен әрекет ет досым! Менің осы жолдағы жұрт пікірімен соғыс процессін сенің алдыңда баяндап бермекпін. Ендеше құлақ сал!
 

Өз қалауыңды қадағалай отырып, қадіріңді арттыр!


Студент, яғни кез келген жас үшін өз утопиясын жасап алуқиын емес. Тек өзі ол жақсылыққа лайық болу керек. Мен 1курс оқып жүргенімде жанымдағы жатаханада бірге тұратын жаңа досым үнемі боқтық сөздер сөйлейтін. Бірақ қарым-қатынаста алыс беріспен жақсы тұратынбыз. Бірнеше рет «олай сөйлемеші» деп айтқаныммен үнемі осы әдетін тия алмады. Ақыры коммендант арқылы бөлмемді ауыстырдым. Мұндағы айтпағым тілден шыққан әрбір сөз бекер емес, біз айтпағанмен жаныңда жүрген жандар, әсіресе қыз баласы, жақсы сөздер сөйлемесе әуелі құлақ үйренеді, онан соң ертелі кеш сізде солай сөйлейтін боласыз. Дәл сол сәтте жұрт пікіріне зер салғанымда онымен әлі де бірге тұрар едім, бірақ мен өзімді құрметтегендіктен өз орнымды ауыстырдым. Ал жаңа ортаға барғанымда оларға жақсы сөздер сөйлеуін талап еттім. Себебі, жайнаған жастық шағымды лас сөздермен кірлеткім келмейді. 

Жұрт құртметтеу үшін барлығын өзіңнен баста!
Сені мазалайтын ойларға төтеп бер!

 
Осы-ақ жаза береді екен? Кім оқиды осыны? Одан басқа затпен айналыспай ма? Жұрт не дейді? Бұл маған сыртқы фактордан өзім атап алған фобиялар. Жай ғана өз санамдағы қорқыныш. Сіздеде сондай сезімдер бар ма? Жұртқа жету қайда? Әсіресе, жұрттың баласына.
Жұрттың қызы/баласы-бұл адамдардың өзгелермен бәсекелесу арқылы алға жылжиды дейтін мотивациясы. 

Ал шын мәнінде «Жұрттың қызы» деген атаққа ешкімде лайық емес. Мысалы, мен үйде ас дайындадым делік. Содан үйге қонақ келді. Ол асты татып көрді де - «О, қандай дәмді» деп ішінен ойлады да, аяқастынан өзінің қызына конкуренция жасап, мен жұрттың қызына айналып үлгердім, ал оның алдындағы тұзы көп тағамдарымды үйдегілерден өзге ешкім көрмеді. Формула осылай. Сондықтан идеал болып көрінуге талпынбау қажет, жай ғана жүрек қалауындағы затты жасасаң жұрттың қызы боласың.
 

Ыңғайлы адам болам деп өзіңді жоғалтып алма!


Жұрт пікіріне құлақ түретін өзіндік позициясын ішіне түйіп қалатын көбіне үнсіздік танытатын жан, ыңғайлы адам болып табылады. Ол достарының жұмсауында, жұрттың мақсатының жетегінде кететіндігімен ерекшеленеді. Мұны көмек қолын созумен шатастырмау шарт. Турасын айтсақ біздің қоғамда мақсатпен өмір сүру қажет. Ал мақсатсыз не істейтініңді білмес болсаң өзгенің мақсатының орындалуына ат салысып өз болашағың бұлыңғырланады. Жұрттыңда, жүректің де сөздерін ескеру керек, дегенмен, өзіндік позицияңды жоғалтып алмау шарт. Әркімнің өз кемшіліктері бар, бірақ бәрі сырттай мінсіз көрінгісі келеді. Айнаның сынығы алыстан білінбейді. Түсінгенім, жақсы көрінуге емес, жақсы болуға болуға тырысу. Нағыз жұрттың қызы бұл жұрт сөзіне назар салмайтын, өз дамуы үшін бәріне дайын тұлға.

 

                                                                                               Мәдіхан Шаһризада 






© 2023 CAMPUS 1928.
Запрещено копировать и использовать в какой-либо форме материалы сайта без согласия собственника.

Главный редакторРедакцияАрхив номеровО насПартнеры
СпецпроектыинтервьюСТАТЬИСЦЕНАРИЙ

Статистика сайта:

Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов. Редакция не несет ответственности за информацию, содержащуюся в рекламных материалах на сайте журнала Campus 1928.