Күз себепші ме?
Күз себепші ме? Өзің бе?
⠀
Әрбір жыл мезгілінің адам өмірінде алар орны ерекше. Бір адамдар қысты ұнатады, енді біреуі жаз бен көктемді ұнатар, ал үшіншісі көктемді ұнатуы мүмкін. Бірақ мәселе жыл мезгілін ұнату, ұнатпауға келіп тірелмейді. Нақ осы күз мезгілі жаңа серпін, ерекше әсер алып келері сөзсіз. Дәл осы күзде үнемі қоршаған ортада жүрген адамдарды, әлеуметтік желідегі блогерлердің парақшасындағы видеоларын қарап мұңға батып, сол батпақтан шыға алмай жүрген адамдарды байқаймын.⠀Мұндай оқиға дәл өзімде де болды. Таңертең жақсы көңіл күйде жүріп, кешке алаңғасар болып, себепсіз өзіме қатысы жоқ ойларды ойлап, көңіл-күйім түсіп кетті. Өзіме сырттан қарап "не істеп отырсың?" деп басымды сілкіп, өзімді қолға алып жиналып алдым да гуглға "Почему осенью грустно"- деп тере салып едім, біраз мәліметтер топ ете шықты.⠀Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының айтуынша, мұндай жағдай жалғыз мен емес, әрбір бесінші адамның бойында кездеседі екен.
Оның өзінің "күзгі депрессия" деген атауы бар. Тағы бір күздің депрессияға жол беруінің себебі ата-аналар үшін күзгі шығынның өсуі. Жаздан шығып, күзге дайын болу үшін жылы киімдер, бәтеңке алу, онымен қоса басқа да шығындар қосылып әлеуметтік депрессияны оятады. Күзгі депрессияның белгілері жылдың кез келген уақытында пайда болатын депрессиямен бірдей.⠀Белгілері: адам үнемі ұйықтағысы келеді, тамақтанғысы келеді (кейде керісінше), қозғалғысы, үйден шыққысы келмейді, күш жетіспейді, әлсіздік, себепсіз жылау пайда болады, өткен демалысын ойлап қайғырады, тағысын тағы. Оның себебін психологтар метаболикалық бұзылулар, күзде жарықтың болмауынан, ауа-райының құбылмалы болып, дала тез қараңғыланып, күннің қысқа болуынан, демалыстың бітіп, жаңа жұмыс, оқу жылының басталуынан деп түсіндіреді.⠀Күз екен деп үш айы бойы "судан шығып, тіршілікке үйрене алмай, тұншығып қалған балықтай" мұңға батуға болмайды. Сіздің көңіл-күйіңізді көтере алатын та, түсіре алатын да өзіңіз!
⠀Оның алдын алу үшін:
-күн режиміне физикалық күш салыңыз! (көбірек қозғалыста болу, таңертең жүгіру, спорт түрлерімен айналысу, бассейнде жүзу) Физикалық белсенділік мидағы қан айналымын тездетеді, метаболизм жақсарады, қуаныш гормондары бөлінеді.⠀-жарық терапиясын қолданыңыз. Күндіз міндетті түрде кемінде 40 минут таза ауада жарықтың астында көшеде жүріңіз. Бөлмеңізді жарық жақсы түсетіндей бағытқа ыңғайландырып алыңыз!⠀-жақсы тағамдар, қуат беретін витаминдерді көбірек қабылжаңыз. Денедегі дәрумендер мен минералдардың жетіспеушілігі теріс нәтижеге әкеледі. Құрма, банан, алма, теңіз балығы, грекжаңғағы, ащы шоколад, асылған жұмыртқаның ақуызын, түрлі көкөністерді жеңіз.⠀-түсті терапияны қолданыңыз. Өзіңіз жақсы көретін түстегі киімдерді киіңіз, негізі қызғылт-сары түс көңіл- күйді тұрақтандырып, көтеру үшін ең тамаша түс.⠀- әлеуметтік белсенділігіңізді арттырыңыз, достармен, ата-анамен сырласу, сізді қызықтыратын іс-шараларғабару, билеу, т.б.⠀- ұйқы режиміңізді реттеңіз. Күнде бір уақытта тұрып, жатыңыз, ұйқыдан екі сағат бұрын тамақтануды доғарыңыз.⠀Қорытындылай келгенде, күз қайғыруыңызға, мұңға батуыңызға себепші болса да, өзіңіз көңіліңізді көтеріп, белсенді өмір сүруге себепші болыңыз!⠀
Ақбаян Кәмпит
⠀
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының айтуынша, мұндай жағдай жалғыз мен емес, әрбір бесінші адамның бойында кездеседі екен.
⠀
Күз екен деп үш айы бойы "судан шығып, тіршілікке үйрене алмай, тұншығып қалған балықтай" мұңға батуға болмайды.
Сіздің көңіл-күйіңізді көтере алатын та, түсіре алатын да өзіңіз!
⠀
Қорытындылай келгенде, күз қайғыруыңызға, мұңға батуыңызға себепші болса да, өзіңіз көңіліңізді көтеріп, белсенді өмір сүруге себепші болыңыз!
⠀