АҚ ЖАҢБЫР. НОВЕЛЛА



                                    


Жаздың жаймашуақ күні. Күн жас балаша күлімдеп ғаламды жылытып шапағын күллі әлемге ұсынып тұр. Айнала жап-жасыл кілем төсеп тастағандай құлпырып бәйшешектің хош иісі қолқаны алып мұрынды жарып барады. Бұл аталмыш қаладағы жалғыз мектеппен орталық көшені жалғап тұрған әсем гүлзартын. Мектебінен үйіне қарай бағытталған Ахмет үшін бұл арадағы әдемілік күнделікті көз көрген сүгірет сынды еді, алайда бүгінгі күн естен кетпейтін есте қаларлық сәттерге толы болатындай бойын ерекше бір белгісіз шаттық кернеп келе жатқанды. Ол жайқалып тұрған қызғалдақпен рауғаш жанымен өте бере арманына ерік берді. Бір мезет көзін сәл жұмып, өзін қызыл кілемнің үстінде келе жатқан бір қаһарман ретінде елестетті.
 

Ғарышты бағындырып келген оған осынау гүлдерді құшақ-құшақ қып сыйласа ғой шіркін! Керемет арман әлеміне шомып бара жатқан оның ойын сәл бәсеңірек «мені күте тұршы» деген алыстан айтылған таныс үн үзіп жіберді. Ол еріксіз жымиды. Иә, бұл дауысты ол өз дауысынан да қаттырақ ұнататын еді. Естімегелі  де біраз болған. Айару! Демек әлі кетпеген екен ғой қаладағы туыстарына. 

Айару жақындаған сайын оның жүрегі өрекпіп салаберді. Міне, біраз қалды, ол қыздың ақ төплиінің дыбысы тым жақыннан естілді. Ол артқа бұрылмастан қыздың әр қадамын есептегендей тұра берді. Егер бұрылар болса не дерін қалай сөз бастарын да білген жоқ. Қас қағым уақытта үріп ауызға салғандай әдемі қыз оның жанына келіп жетті. Айару әдетінше сұлу көрінді оған. Құдай осындай сұлулықты да жаратады екен ау деді серіміз күбірлеп.


– Қал қалай? Өзің мені естімейсің ғой, – деді Айару наздана. Жолымыз бір екен. Апамның үйіне бара жатыр едім. Сені көргеннен кейін бірге баруды жөн көрдім. Жазғы демалысың қалай, ойдағыдай өтіп жатыр ма?  Бұл кезде Ахмет өз ойымен өзі әлек болып жатыр еді. Оның жүрегі қуанышқа, шаттыққа толы болатын. Неге десеңіз, Айарумен бірге қалу – оның ұлы армандарының бірі еді. Өңім ба? Әлде түсім ба? деп ой шырмауында қалып қойған Ахмет бәсең үнмен: Барлығы жақсы...- деп жауап қайтарды. 


Бұрымды қыз: Күнала бұлтты, жаңбыр жауатын түрі бар... - деп оны жаңбырдан сақтандырғандай болды. Ахмет ауа-райына көңіл бөлмеді. Есіл дерті Айаруда болды.



 Аман А.




© 2023 CAMPUS 1928.
Запрещено копировать и использовать в какой-либо форме материалы сайта без согласия собственника.

Главный редакторРедакцияАрхив номеровО насПартнеры
СпецпроектыинтервьюСТАТЬИСЦЕНАРИЙ

Статистика сайта:

Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов. Редакция не несет ответственности за информацию, содержащуюся в рекламных материалах на сайте журнала Campus 1928.