Адамгершілік – жақсылықтың инструменті





 


        Адамгершілік– ол  іс-әрекет емес,  ол түпкі мақсат 


Бұл екі қасиет адамның рухани қасиеттерін қамти отырып, тәрбие мен білім кезінде бір-бірімен салаласа сабақтасып үздіксіз қызмет атқарады. Әр индивидке, пендеге, өмірін жақсы етіп сүруге, рухани жағынан тұлға болып қалыптастырушы адамгершіліктің болуы, үлкен бір ғанибет екен! Осындай ерекше тәрбиелік қасиеті үлкен жүйелілікпен, нық орнымен қолданылғаны абзал!


Жалпы қоғамда,«дүниенің екі ұшы бар. Олар: ақ пен қара» деп екі нұсқаға бөліп жатады. Атын жағымсыз қабылдайтын қараңғылықтан қорқып жатамыз. Тіпті, қараңғы қапастың мүлде болмағанын қалаймыз. Ал енді осы қараңғылықтың болуының арқасында, өмірдің ақтығын, жақсы жағын сезініп түйсіне аламыз. Рухани адамгершілікте дедәл сондай жағдай! Кез келген істің жақсы не жаман жағдайда жасалынып жатқанын айшықтауға, өмірдің қара жағының пайдасы өте көп тиеді. Осы бір қара ниеттің болуының нәтежесінде біз адамгершіліктің қандай жақсы рухани тәрбие бере алатындығын, жақсылықтың бөлінбес бөлшегі екендігін көре аламыз. Жанға жылу сыйлайтын адамдық болмысқа, рухани тәрбиенің институтына баулыйтын адами қасиеттердің төресі болып табылады. Осынау қасиетіміз адам бойындағы барлық қасиеттерді қамтуыменен, орын-орынымен сабақтаса байланысуымен дараланса, нағыз құндылығы зор қасиетке ие  болмақ.


Абай атамыз өз сөзінде: «Не нәрсе шегінен асса, қоқысы шығады» деген болатын. Қандай тамаша, осындай жүйеленген сөзге зер салып қарайықшы. Адам бойындағы асыл қасиеттер қаншама. Осы өте құдіреті зор қасиеттерді орын орнымен пайдалансақ, адамгершілік шырағы еш өшпесі анық, керісінше адамдықтың биігіне шығарады. Оған дәйек, Қожа Ахмет Яасауидің «Мінсіз адам концепсиясы» еңбегіндегі былай дейді: «Алланың тоқсан тоғыз атын, тоқсан тоғыз қасиетін бойында қалдырған  адам-ол нағыз мінсіз адам» делінген.  Осы қасиеттердің біреуі, адамның бойынан табылмаса, қалған тоқсан сегізі ештеңеге жарамай қалады. Адамгершілік қасиеті де дәл осындай. Адамгершілік деп таныған асыл қасиеттердің біреуі бойдан табылмай қалса, адамдықтан айрылып қалуымыз бірпәсте.

Осынау дараланған ерекше қасиетті қастерлей отырып, Алланың берген сыйына шүкір етіп орнымен пайдалана білсек, бізден бақытты жан болмас еді. Адам деген алтындай болмысымызды ардақтап,  әр қасиетімізді салмақтап, адамзат биігінде көріне берейік. Ой-кеңістігіміздегі пейілімізді өз шеңберімізде бұғаттамай, күллі жандарға адами нұрымызды шаша жүрейік. Рухани тәрбиеден айрылмайық.

 



Мәдіхан Шаһризада 







© 2023 CAMPUS 1928.
Запрещено копировать и использовать в какой-либо форме материалы сайта без согласия собственника.

Главный редакторРедакцияАрхив номеровО насПартнеры
СпецпроектыинтервьюСТАТЬИСЦЕНАРИЙ

Статистика сайта:

Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов. Редакция не несет ответственности за информацию, содержащуюся в рекламных материалах на сайте журнала Campus 1928.