ҰЛЫ ТҰЛҒА



                              

                    Әрбір адам – жеке тұлға!


 Әрине, оған келісемін. Алайда, ол сөздің мәні тым терең. Меніңше, тұлға болып қалыптасу үшін де арнайы сындырлы жолдардан сүрінбей өтіп, белгілі мақсатқа жете білу керек. Дәл қазір, сол жолдардың сынын көтеріп жүрген студенттер деп білемін. Қандай да бір биік шыңға жеткен тұлғадан немесе өзіміздің ата–анамыздан, аға – әпкелерімізден ең ғажайып, тәтті әрі күрделі шақ қай кезең деп сұрасаң ойланбай студенттік өмірді айтары анық. Студенттік өмірге аяқ басар кезбен аяқ тартар кез өмірдің бір көпірі іспеттес. Яғни, біздің болашаққа деген айқын мақсат жүйеміз болуы керек. Өзің сүйсінетін мамандығың мен бар болмысыңды түсінетін жарың осы көпірде жолығатыны анық. Сол үшін қателіксіз, кедергісіз осы жолдан өткен адам ғана өмірден өз орнын таба алатынына сенімдімін.



 Қазіргі ең қызық әрі қысқа шақты босқа өткізуге болмайды. Студент – ол ізденуші, жан –жақты адам. Әрі өзіңді көрсете, елге таныта білетін уақыт деп білемін. Біз өзімізді әр түрлі шығармашылық жолында сынап көруіміз керек. 


Әрбір сәттен ләззат алып және оны бағалайтын уақытта көзімізді ашып, қоғамды тани отырып оған белгілі бір үлесімізді қосайық. Зиянды әдеттерге қол созбай, тура жолдан адаспай, көпірден  сүрінбей өтіп сенімді ақтай білейік. Ата–ананың ең үлкен сенімі мен мақтанышы – біздерміз. Олардың разылығын алған бала – ең бақытты жан. Онымен қоса мемлекеттің де, болашақтыңда сенімі біз болғандықтан жастық шақтағы бар күш – қуатымызды білімге, еңбекке баулиық. Болашаққа деген айқын мақсатымыз бен үлкен үмітіміз, сеніміміз болса,бізден ұлы тұлға шығары анық! 



Толғанай Ниятбек


© 2023 CAMPUS 1928.
Запрещено копировать и использовать в какой-либо форме материалы сайта без согласия собственника.

Главный редакторРедакцияАрхив номеровО насПартнеры
СпецпроектыинтервьюСТАТЬИСЦЕНАРИЙ

Статистика сайта:

Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов. Редакция не несет ответственности за информацию, содержащуюся в рекламных материалах на сайте журнала Campus 1928.