Жаңа оқу жылы басталысымен-ақ, өзіміздің қара шаңырағымыз Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Абай атындағы ҚазҰПУ өздерінің бәсекеге қабілетті жастарды даярлай алатын "алтын кеніш" екендерін тағы бір дәлелдеді.
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы ТОҚАЕВ өзінің "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" деген тақырыппен халыққа жолдаған жолдауында еліміздегі жоғары білімнің сапасына жеке тоқталып кеткен. Оқу орындарындағы білім беру сапасын арттыруға барынша күш салу керектігін тілге тиек етіп, астын сызып айтты. Сондықтан, екі бірдей білімордаларының ректорларының ерте қамдануыжөн-ақ. Іс-шара барысында , ҚазҰУ ректоры Академик Ғалымқайыр Мұтановтың қытай тіліндегі «Экономикалық жоспарлау, басқару және бюджеттеудің математикалық әдістері мен модельдері» атты монографиясының тұсаукесері өтті. Кітап Жэньминь университеті жанындағы ҚХР жетекші баспасынан басылып шығып, әлемдегі ең ірі Пекин халықаралық кітап көрмесінде таныстырылды. Мақтанышпен айта кету керек, Бұған дейін ол әлемдегі ең ірі «Springer Nature» баспасында жарық көрген және сұранысқа ие кітаптар қатарына кірген екен.