АРТЫҚ БІЛІМ КІТАПТА
Өткен бір сенбіде рухани демалыс жасайық деп құрбымекеуміз кітап дүкені «Меломанға» бардық...
Кіргеннен-ақ түрлі-түсті мұқабалы кітаптарды көріп, көз тоярлықтай. Барлығын көзбен шолып өтіп, «іші де дәл мұқабасындай әсем, көңіл қойып, қызыға оқитындай мазмұнды ма екен» деген ой келді маған. Құрбым екеуміз қолымыз тиген кітапты алып, мазмұнымен танысып, ішінде қандай асылдарбар екен деумен әрбір бетін парақтай бердік. Шынында да біз сағаттап оқитындайқызықты кітаптар бар екен.
Дүкеннің орта бөлігінде үлкен бір сөрелер әлем әдебиетіне арналыпты. Сыртқы көрінісі көз тартарлық бұл сөрелерге жақындап келіп, әлемнің талай қаламы жүйрік, ойы ұшқыр жазушыларының шығармаларымен таныс болдық. Әлемдік әдебиеттер болғаннан кейінбе, әлде мұқабасының дизайнына қарай ма, бағасы да жоғары екен. Дәл осы кітап сөрелермен қатарласа психологиялық, мотивациялық кітаптар да орналасқан екен. Тіпті, бір емес бірнеше сөрені толтырып-ақ тұр. Соған қарағанда қазіргі таңда қоғамға керекті, мол сұранысқа ие кітаптар болса керек. Себебі, қазіргі жастардың екінің біріне бір істі бастауда мотивация жетіспейді, болмаса психологиялық кітаптардың «көмегі қажет». Кейінірек шеткі бөлікке қарай орналасқан кітап сөресін көзім шалды. Жақындап келіп қарасам, бұл шағын ғана сөреде халқымыздың атақты жазушыларының шығармалары, роман-кітаптары орналасқан екен.
Алайда, көлемді емес, саны жағынан да аз. Көре сала көңіл қойып, кітаптарды ақтара бастап едім,өкінішке орай мен іздеген жазушылардың кітаптарын таба алмадым. Әрине, арасынан қазақ әдебиетінің кейбір бағалыларын кездестіруге болады, дей тұрғанмен әлемәдебиеті мен психологиялық кітаптармен салыстырып қарасам, сөресі менбағаланған құнына қарап қарның ашқандай. Сонда біздің ұлттық жауһарларымызданөзге ұлттың әдебиеттері мен қазіргі кезде бестселлерге айналған кітаптардың құны жоғары болғаны ма? Бұл кітаптардан гөрі ұлттық туындыларымыздан аларымыз, көкейге түйеріміз көп емес пе?
Келісемін, әлемдік деңгейдегі әдебиеттерді оқып, таным көкжиегімізді кеңейткеніміз дұрыс-ақ, алайда сол кеңейтуді өзіміздің төл әдебиетімізден бастағанымыз жөн деп ойлаймын. Жақсының өзі өлседе, сөзі өлмейді» дегендей, кезінде әр түрлі тақырыпта қалам тартып, әсіресе, сол өз кезеңіндегі қоғамның өзекті мәселелерін қозғап, сағаттап еңбектеніп, қазақтың шұрайлы тілімен әсерлі етіп жеткізе білген ұлтымыздың жазушыларының мақсат-мұраты болашақ ұрпаққа мұра болар асыл қазына болса екен дегені еді.
Бүгінгі күні біз,қазіргі күнге дейін жеткен, талай жылдар өтсе құндылығы жойылмаған асыл мұраның нәрімен сусындап, оны көздің қарашығындай сақтап, қадіріне жете білейік дегім келеді.
Диана Даулетова