Студенческий журнал

ҰМЫТЫЛМАС КҮНДЕР



"БАЛМҰЗДАҚ" ДЕГЕН ДҮНИЕ, ТАНЫС ШЫҒАР СІЗГЕ, ОҚЫРМАН. ЖО-ЖОҚ, БҰЛ ЫСТЫҚТА ЖЕЙТІН СҮТТІ ТАҒАМ ЕМЕС, БҰЛ ОҚУҒА ЖАҢАДАН ҚАБЫЛДАНҒАН СТУДЕНТТЕР. ИӘ, БӘРІМІЗДЕ БАЛМҰЗДАҚ БОЛДЫҚ. ЭXX, СОЛ КЕЗДЕРДІ АЙТСАҢЫЗШЫ. 
АЛҒАШ РЕТ ЖҮГІҢДІ АРҚАЛАП, АУЫЛДАН ҚАШЫП АРМАН ҚАЛАҢА ДА ЖЕТТІҢ. 



ТАНЫС ЕМЕС КӨШЕЛЕР, БҰРЫН МҮЛДЕМ КӨРМЕГЕН БЕЙТАНЫС АДАМДАР САҒАН АЛҒАШЫНДА ҮРЕЙЛІ БОЛЫП КӨРІНЕДІ. ӘЙТЕУІР ӨЙТІП-БҮЙТІП, ЖҮГІРІП ЖАТАҚXАНАҢДЫ ДА АЛЫП АЛДЫҢ. АУЫЛДА АТА-ӘЖЕҢ БЕРІП ЖІБЕРГЕН БАНКАЛАРЫҢДЫ ШЫҒАРЫП, КЕШКІ АСТЫ МҮЛДЕМ ТАНЫМАЙТЫН, ЖАҢА ТАНЫСҚАН БӨЛМЕЛЕС ДОСТАРЫҢМЕН ІШЕСІҢ.ОЛАР ДА ҮЙ-ІШІ БЕРІП ЖІБЕРГЕН ТӘТТІЛЕРІН АШЫП, АБЫР-САБЫР БОП ТАМАҚТАНЫП АЛАСЫҢДАР. АЛАЙДА БҰЛ КЕШКІ АСТЫҢ СТУДЕНТТІК ӨМІРІНДЕГІ ЕҢ "КОРОЛЕВСКИЙ" ТАМАҚ ЕКЕНІН ҚАЙДАН БІЛЕСІҢ? ДАЙЫНДАЛА БЕР, БАЛМҰЗДАҒЫМ, ЕНДІГІ АЛДА ЖЕЙТІНІҢ ТЕК ҚАНА "ДОШИРАК"! 

РАСЫМЕН ЫСТЫҚ ТАҒАМ ПІСІРІП ЖЕУГЕ УАҚЫТЫҢ ДА, ЗАУҚЫҢ ДА БОЛМАЙДЫ. ӘРИНЕ, ҚАЙДАН ЗАУҚЫҢ БОЛСЫН, АС ҮЙДЕ ПІСІРІП ЖАТЫРҒАН ТАҒАМЫҢДЫ ҚАЗАНЫМЕН БІРГЕ ҰРЛАП КЕТСЕ?! СОНДЫҚТАН БҰЛ ЖАҒЫНА КЕЛГЕНДЕ САҚ БОЛҒАНЫҢ ДҰРЫС!ТАҒЫ ДА ТАҒАМЫҢДЫ "ЖАТАҚXАНАНЫҢ ТОҢАЗЫТҚЫШЫНА ҚОЙМА" ДЕП КЕҢЕС БЕРЕР ЕМ. ӘЙТПЕСЕ ІЗКЕСУШІ ШЕРЛОК ХОЛМС БОЛЫП КЕТЕСІҢ. ЕНДІГІ СЕНІҢ ТОҢАЗЫТҚЫШЫҢ - БӨЛМЕҢНІҢ ТЕРЕЗЕСІ ЕКЕНІН ҰМЫТПАҒАЙСЫҢ.  

Эх, алғашқы оқу жылы керемет қой! Жалпы бұл кезде жаңа достар пайда болады. Оңтүстік болсаң батыстықтың "құрсын,қасқаларынан" шошынасың, ал сол батыстық өзің болсаң оңтүстік акцентімен айтылатын "ше,сай" жалғауларын естуге дайын бол! Қорықпа, әлі-ақ етің үйреніп, сол тілде өзіңнің қалай сөйлеп кеткеніңді байқамай қаласың. Жалпы, жаңа түскен балмұздақтардың ең жиі айтатын сөзі "бұл қабинет қай жақта?". Сол кабинетті іздеймін деп дәрістерге де талай кешігесің. Алайда бұл жүгіргеніңнің бәрі алғашқы стипендияң түскенде әлі-ақ ұмытылып кетеді. Негізі, алғашқы ақшаңа үлкендер "нан ал" деуші еді, ал балмұздақ болса бұны "Мегадағы KFC-ге" құртатын шығар. Өйтіп-бүйтіп жүріп бұл стипендияңның 2-3 күнде қалай жоқ болып кеткенін байқамай да қаласың. Сосын қайтадан "Доширак сезоны" басталар. Негізі, алғашқы оқу жылының ең кереметі "Студенттік қатарға қабылдау кеші" шығар. Сонау, "Мектеп бітіруге" алған көйлегіңді немесе костюміңді үтікте! Соны киіп барасың-ау деймін. Бұл кеште дұрыстап көңіл көтеріп алған жөн. Өйткені аралық бақылау кезінде көңіл көтеру түгілі, ұйқыға уақыт таппай қаласың. Содан қорытынды бақылау тағысы тағы жалғасып кете береді. Бұл бақылаулардан жақсы баға алып шыққаның дұрыс. Өйткені жазғы демалыста ауылға барғанда еститінің "Алматыда оқып жатырған студент бұл" деген мақтау сөздер болмақ. 

Жалпы, алғашқы оқу жылы жаңа түскен студент үшін ең маңызды әрі қызықты кез екенін естен шығармаған жөн. Бұл кезде жасаған қателіктеріңнен сабақ алып, жеткен жетістіктеріңді одан әрі шыңдай түскенге не жетсін? Сондықтан да қайталанбас ғажап сәтіңді жіберіп алма, балмұздақ! 


Нәзерке Дауылбаева

© 2019 CAMPUS 1928.
Запрещено копировать и использовать в какой-либо форме материалы сайта без согласия собственника.

Главный редакторРедакцияНовый номерАрхив номеровРеклама в CAMPUSПартнеры
СпецпроектыCampus LifeБлогBeauty&fashionBusiness

Статистика сайта:

Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов. Редакция не несет ответственности за информацию, содержащуюся в рекламных материалах на сайте журнала Campus 1928.