Студенческий журнал


Notice: Undefined variable: catast in /home/campus28/domains/campus1928.kz/public_html/cata.php on line 73

Warning: Invalid argument supplied for foreach() in /home/campus28/domains/campus1928.kz/public_html/cata.php on line 73

Notice: Undefined variable: catast in /home/campus28/domains/campus1928.kz/public_html/cata.php on line 82

Notice: Undefined offset: 2 in /home/campus28/domains/campus1928.kz/public_html/cata.php on line 83

Мұғалім бола саламын...



Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға.
Абай 

    "Қазір ешкім мұғалімді сыйламайды". Мен бұл пікірге оң қабақпен қарай алмадым. Дегенмен, мынадай сәл түзету енгізер едім:  «Қазір әлсіз мұғалімді ешкім таңдағысы келмейді». Неге әлсіз дейсіз бе? Мұғалімдік қызмет төзім мен ұзақ еңбекі талап етеді, кез келген адам нағыз мұғалім бола алмайтыны айдан анық. Көз алдымызға елестетіп көрейікші. Сіз отырған партаның ар жағында бала алдындағы борышына үлкен жауапкершілікпен қарайтын, жұмысына бар ықыласымен берілген мұғалім әр оқушысын назарынан алыстатпай, «ақ тер-көк тер» болып жүр. Оқушыға тапсырма беріп қойып, түсініп отыр ма, жоқ па, онымен ісі жоқ, қырық минут уақыт өтсе болды, безе жөнелетін мұғалім емес. Айырмашылық бар ма? Әрине!

     Білім беру сапасын жақсартамыз, қатырамыз деп жүрміз. Амалсыз төрт жыл университет табалдырығын тоздырып, амалсыз жұмысқа орналасып, амалсыз сабақ өткізіп жүрген мұғалім қалайша білім деңгейін көтеруге ат салыспақ? Мұғалімнің бойынан табылуы керек ең негізгі қасиет, менің ойымша -оқитыны мен оқытатынын сүю, баланы сүю. Бұл пікірге Лев Толстой да қол қолын қатар көтеріп қосылған болар еді. Сүйіспеншілік жоқ жерде іс өнімді болар ма? 

    Енді көпшіліктің аузынан түспейтін мына нұсқаға тоқталып өтейік: «Мұғалімнің алатын ақшасы аз, қағазы көп». Айналайын әріптестерім-ау, қазақ атамыз қанағат қарын тойдырады дегенді тектен-тек айтты ғой дейсіздер ме? Оның үстіне, биігін бағындырып, асуын аттап өте алсаң табыссыз кәсіп жоқ. Ол жағы өзіңізге байланысты.

    Сіздерге жеткізгім келген ойым немесе түйін мынадай:

   Ұрпақтың жақсы болуы – ұстазынан. Ұстаз дәрежесіне жете алмаймын десеңіз, көп адаспай өз арнаңызға қосылыңыз. Сүйікті ісіңізбен шұғылданыңыз. Үлкен өмірге «мұғалім бола саламын» деп емес, «нағыз педагог боламын, ұрпақ үшін ұлы істер тындырамын» деп аяқ басыңыз.

 Қалибек Оңалар

© 2019 CAMPUS 1928.
Запрещено копировать и использовать в какой-либо форме материалы сайта без согласия собственника.

Главный редакторРедакцияСтуденческий худсоветАрхив номеровО проектеПартнеры
СпецпроектыинтервьюCampus LifeЖАС STARTAP

Статистика сайта:

Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов. Редакция не несет ответственности за информацию, содержащуюся в рекламных материалах на сайте журнала Campus 1928.