Студенческий журнал

«Менің пірім - Сүйінбай»





2019 жылдың 19-20 ақпаны күндері аралығында 
республикамыздың жоғары оқу орындарының жас 
ақындары арасында «Менің пірім - Сүйінбай» 
дәстүрлі ІІІ республикалық айтыс ұйымдастырылады. 


Дүбірлі додаға еліміздің жоғары оқу орнынан 50-ден аса жас ақындар қатысып, бақ сынасады.  Республикалық айтыстың ашылу салтанаты  аясында университетіміздің түлегі, айтыскер ақын «Оразалы Досбосынов» атындағы жас ақындар орталығының тұсаукесері өтеді.

 
 Оразалы Досбосынов 1975 жылы  15-қарашада Алматы облысы 

Райымбек ауданы Тегістік ауылында туылған. Орта мектепті бітіріп өзіміздің 

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетіміздің филология факультетіне

оқуға түседі. Жол апатына ұшыраған Оразалы Досбосынов ақынымыз 2004 жылдың 

30 қазанында  келмеске кетті. Айрықша талантымен ерте көзге түсіп, республикалық 

айтыстарға қатысып, айтыссүйер қоғамның жоғары бағасына ие болды. Университетіміздің 

мәдени саласында жұмыс жасап бірқатар шәкірттерін тәрбиеледі. Ешқандай ресми атақсыз, 

Оразалы Досбосынов  халық ақынына айналып басқа елдерде өткен біраз додаларда  

қазақтың атын шығарды. 

  
 Ақтық кезеңі: 20.02.2018ж.
 Басталуы: сағат 14.00-де
 Өтетін орны: «Алатау» дәстүрлі өнер театры 

 

  



© 2019 CAMPUS 1928.
Запрещено копировать и использовать в какой-либо форме материалы сайта без согласия собственника.

Главный редакторРедакцияСтуденческий худсоветАрхив номеровО проектеПартнеры
СпецпроектыинтервьюCampus LifeЖАС STARTAP

Статистика сайта:

Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов. Редакция не несет ответственности за информацию, содержащуюся в рекламных материалах на сайте журнала Campus 1928.