Студенческий журнал

ҚАЗҰПУ ҚОНАҒЫ - МАРХАБА СӘБИ!



                                       

«ЖҰЛДЫЗБЕН СЫРЛАСУ"  ЖОБАСЫНЫҢ АЯСЫНДА 
УНИВЕРСИТЕТІМІЗДІҢ  ҚОНАҒЫ, ӘНШІ - МАРХАБА СӘБИ!


 Мархаба Сәби дегенде, өзіңізді үш сөзбен сипаттап бере аласыз ба?
Шляпа, гитара, ән!
 
Жолдасыңызбен қалай таңыстыныз?
Өздерің сияқты жас студент шағымызда, оңды-солды дұрыс ажырата алмай, жеткін келеді - жете алмай жүрген,  құбылмалы кез болатын. Караоке клубында танысып бірден тіл табысып кеттік. Ең алғаш әңдерімді тыңдап шыңайы бағасын берген  де осы кісі болды.
 
Кез келген адамның ешкімге айтпайтын қасиеттері болады,  таланттары болады. Сол Мархабаның жасырын таланты бар ма?
Көрсете бермейтін жасырын таланты  көп.  Бірден бірі - ол тігін, дизайн.  Шляпа, көрмейсіз бе! Патенттеуге болады. Дизайнерлік өнерге икемді.
Тағы бір таланты  -диетолог, жақсы ақыл кенес береді.
(Бұл сұраққа жауап берген Мархаба Сәбидің  жолдасы)
 
Әлемде ең жүйрік нәрсе ол адамның қиялы. Сол қиялға ери отырып,  қояр сұрағымыз  бар. Сізге өмір сүруге бір күн қана берілді. Сол күнде не жасап үлгере едініз?
Маған  жиырма төрт сағат жеткіліксіз, бір сағатта не істеп үлгеремін?! Адам қашан өмірден озатыныңда білмейді, қанша өмір сүретінің де білмейді. Сондықтан іштегіні шығарып, ойдағыны жасай беру керек.
 
Тез шешім қабылдағанда тәуекелге жиі барасыз ба?
Мен негізі тәуекелші адаммын,  тәуекелге жиі барып қаламын. Кейде сәтсіздіктер болады, бірақ жалпы жаман емес.
 
Адам жалпы құбылмалы күйде болады.  Үнемі өз бойында бір нәрсені өзгерткісі келіп тұрады. Сіздің сондай іштей өзгерткініз келіп тұратын қасиетініз  бар ма?
Өте көп! Менің қиялымда шек жоқ, уақыт жетпей ме деп үнемі уайымдаймын. Әр нәрсеге көңіл бөлгім келеді, әр нәрсені үйренгім келеді. Барлығы уақытқа келіп тіреледі.
 
Әрбір өнер адамының бойында болуға тиісті үш қасиет?
Менінше «өнер адамы», «өнер адамы» емес деп бөлуге болмайды. Әрбір адамның ішінде дарын, қасиет  болады. Соны іштей жасырып қалмай, сыртқа шығара  беру керек.

Әйел үшін ең пайдалы терапия ол шопинг дейді.  Сіз үшін ол қаншалықты рас?
Шопогиликпін деп айта алмаймын, бірақ киімге, дизайнға қызығамын. Дайын дүние көбіне көңілімнен шықпай қалады. Киімді өзіме жарасымды,әдемі қылып жасап алғанды жақсы көремін.
 
Кішкентай кезіңізде қандай әншілер, қандай музыка тыңдап өстіңіз?
Бала кезімнен сапалы музыка тыңдадым десем болады. Ресей музыкасын мүлдем тыңдамаппын. Марайя Керри, Уитни Хьюстон сияқты әншілерді тыңдап өстім. Қазір, Сияны тыңдаймын.
 
Бала кезінізде жүрегіңізде қандай арман болды,  және сол арман орындалды ма?
Үнемі әнші болсам, ән айтсам деген ойда болдым. Сол деп ойлаймын үлкен арманым. Арман деген өсе келе көбейе береді. Ең бастысы өз-өзіңді жоғалтып алмау.
 
Сіз үшін әйел бақыты деген не?
Ең бастысы өз жарынды мұқият таңдау керек. Ол кісімен ақыл-ой, мақстаттарыныз бір жерден шығу керек. Болашаққа көздеген бағыты бір болған отбасылардың ғана бақыты бар деп ойлаймын.
 
Жетістерге жету жолында, жастарға қандай кеңес берер едініз?
Әр адамның бойында алға итеріп тұратын арманы болады. Ең бастысы сол арманды сатып кетпеу.


© 2019 CAMPUS 1928.
Запрещено копировать и использовать в какой-либо форме материалы сайта без согласия собственника.

Главный редакторРедакцияСтуденческий худсоветАрхив номеровО проектеПартнеры
СпецпроектыинтервьюCampus LifeЖАС STARTAP

Статистика сайта:

Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов. Редакция не несет ответственности за информацию, содержащуюся в рекламных материалах на сайте журнала Campus 1928.