Студенческий журнал

Жатақхана life






Өміріміздің ең бір балғын шағы студенттік шақ. Студенттік шақ әрине жатақханада өмір сүруімен қызықты. Ата-анамыз жастық шақтарындағы жатақхана өмірін қызықты етіп айтып отырғанда, шіркін неткен қайталанбас хикаяларға толы студенттік шақ деп қызығып отырушы едім. Қазіргі күнде өзім студент болған соң, жатақханамыз мен үшін екінші үйім іспетті.  


Бірінші курс, жаңа таныстықтар мен жаңа бастамалардың тоғысатын кезі. Әрбір студент үшін қайталанбас шақ - ең алғаш оқу орнына түсіп, алғаш жатақханаға орналасқан уақыты. Сол қызық шақта, ойламаған кездесулер, күтпеген оқиғалар көп болады. Ал сол қызықтың көпшілігі жатақхана өмірімен байланысты. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін студенттер үйінің ішкі өз ережесі мен тәртібі бар. Жан-жақтан жиналған жастардың басын тоғыстыратын жатақхана қағидасы бәріне ортақ. Тазалық, бос уақытты қалай өткізу керек екендігін біз студенттер өзімізге тікелей байланысты. Түнгі 12- ден соң туған күн иесін туған күнімен құттықтап, елдердің бөлмесіне шулап барып, қонақ болып барып жүріп апайдан ұрыс естіп қалатын кездер жетерлік. Ең алғаш стипендия алып қуанышқа бөленген сәттер, ең алғаш сессияны бастан өткеріп көз жасыңа ерік берген сәттердің барлығы дерлік жатақхана қабырғасында өтеді. «Жатақханада тұрмаған студент - студент емес» - дегендей пікірлерді естіп жүрмін. Расында да, жатақханада өмір сүру өміріңнің қызықты шақтарын басыңнан өткеру деп білемін. 


 Нұржан Ақнұр

© 2019 CAMPUS 1928.
Запрещено копировать и использовать в какой-либо форме материалы сайта без согласия собственника.

Главный редакторРедакцияНовый номерАрхив номеровРеклама в CAMPUSПартнеры
СпецпроектыCampus LifeБлогBeauty&fashionBusiness

Статистика сайта:

Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов. Редакция не несет ответственности за информацию, содержащуюся в рекламных материалах на сайте журнала Campus 1928.