Студенческий журнал

АЛҒАШҚЫ ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ КЕРЕМЕТі!



ЭХ, АЛҒАШҚЫ ОҚУ ЖЫЛЫ КЕРЕМЕТ ҚОЙ! ЖАЛПЫ БҰЛ КЕЗДЕ ЖАҢАДОСТАР ПАЙДА БОЛАДЫ. ОҢТҮСТІК БОЛСАҢ БАТЫСТЫҚТЫҢ "ҚҰРСЫН, ҚАСҚАЛАРЫНАН" ШОШЫНАСЫҢ, АЛ СОЛ БАТЫСТЫҚ ӨЗІҢ БОЛСАҢ ОҢТҮСТІК АКЦЕНТІМЕН АЙТЫЛАТЫН "ШЕ,САЙ" ЖАЛҒАУЛАРЫН ЕСТУГЕ ДАЙЫН БОЛ! 


       ҚОРЫҚПА, ӘЛІ-АҚ ЕТІҢ ҮЙРЕНІП, СОЛ ТІЛДЕ ӨЗІҢНІҢ ҚАЛАЙ СӨЙЛЕП КЕТКЕНІҢДІ БАЙҚАМАЙ ҚАЛАСЫҢ. ЖАЛПЫ, ЖАҢА ТҮСКЕН БАЛМҰЗДАҚТАРДЫҢ ЕҢ ЖИІ АЙТАТЫН СӨЗІ "БҰЛ КАБИНЕТ ҚАЙ ЖАҚТА?". СОЛ КАБИНЕТТІ ІЗДЕЙМІН ДЕП ДӘРІСТЕРГЕ ДЕ ТАЛАЙ КЕШІГЕСІҢ. АЛАЙДА БҰЛ ЖҮГІРГЕНІҢНІҢ БӘРІ АЛҒАШҚЫ СТИПЕНДИЯҢ ТҮСКЕНДЕ ӘЛІ-АҚҰМЫТЫЛЫП КЕТЕДІ. НЕГІЗІ, АЛҒАШҚЫ АҚШАҢА ҮЛКЕНДЕР "НАН АЛ" ДЕУШІ ЕДІ, АЛ БАЛМҰЗДАҚ БОЛСА БҰНЫ "МЕГАДАҒЫ KFC-ГЕ" ҚҰРТАТЫН ШЫҒАР. ӨЙТІП-БҮЙТІП ЖҮРІП БҰЛ СТИПЕНДИЯҢНЫҢ 2-3 КҮНДЕ ҚАЛАЙ ЖОҚ БОЛЫП КЕТКЕНІН БАЙҚАМАЙ ДА ҚАЛАСЫҢ. СОСЫН ҚАЙТАДАН "ДОШИРАК СЕЗОНЫ" БАСТАЛАР. 

        НЕГІЗІ, АЛҒАШҚЫ ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ ЕҢ КЕРЕМЕТІ "СТУДЕНТТІК ҚАТАРҒА ҚАБЫЛДАУ КЕШІ" ШЫҒАР. СОНАУ, "МЕКТЕП БІТІРУГЕ" АЛҒАН КӨЙЛЕГІҢДІ НЕМЕСЕ КОСТЮМІҢДІ ҮТІКТЕ! СОНЫ КИІП БАРАСЫҢ-АУ ДЕЙМІН. БҰЛ КЕШТЕ ДҰРЫСТАП КӨҢІЛ КӨТЕРІП АЛҒАН ЖӨН. ӨЙТКЕНІ АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КЕЗІНДЕ КӨҢІЛ КӨТЕРУ ТҮГІЛІ, ҰЙҚЫҒА УАҚЫТ ТАППАЙ ҚАЛАСЫҢ. СОДАН ҚОРЫТЫНДЫ БАҚЫЛАУ ТАҒЫСЫ ТАҒЫ ЖАЛҒАСЫП КЕТЕ БЕРЕДІ. БҰЛ БАҚЫЛАУЛАРДАН ЖАҚСЫ БАҒА АЛЫП ШЫҚҚАНЫҢ ДҰРЫС. ӨЙТКЕНІ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСТА АУЫЛҒА БАРҒАНДА ЕСТИТІНІҢ "АЛМАТЫДА ОҚЫП ЖАТЫРҒАН СТУДЕНТ БҰЛ" ДЕГЕН МАҚТАУ СӨЗДЕР БОЛМАҚ. 


ЖАЛПЫ, АЛҒАШҚЫ ОҚУ ЖЫЛЫ ЖАҢА ТҮСКЕН СТУДЕНТ ҮШІН ЕҢ МАҢЫЗДЫ ӘРІ ҚЫЗЫҚТЫ КЕЗ ЕКЕНІН ЕСТЕН ШЫҒАРМАҒАН ЖӨН. БҰЛ КЕЗДЕ ЖАСАҒАН ҚАТЕЛІКТЕРІҢНЕН САБАҚ АЛЫП, ЖЕТКЕН ЖЕТІСТІКТЕРІҢДІ ОДАН ӘРІ ШЫҢДАЙ ТҮСКЕНГЕ НЕ ЖЕТСІН? СОНДЫҚТАН ДА ҚАЙТАЛАНБАС ҒАЖАП СӘТІҢДІ ЖІБЕРІП АЛМА!   


НӘЗЕРКЕ ДАУЫЛБАЕВА

© 2019 CAMPUS 1928.
Запрещено копировать и использовать в какой-либо форме материалы сайта без согласия собственника.

Главный редакторРедакцияСтуденческий худсоветАрхив номеровО проектеПартнеры
СпецпроектыинтервьюCampus LifeЖАС STARTAP

Статистика сайта:

Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов. Редакция не несет ответственности за информацию, содержащуюся в рекламных материалах на сайте журнала Campus 1928.